Бос нөмірлердің бары туралы ақпаратты күн сайын алуға болады:
+7 (7172) 577-779 (брондау бөлімі, жұмыс уақыты 24/7)
+7 (778) 999-38-05
Нөмірлерді төменде көрсетілген кез келген ыңғайлы тәсілмен брондауға болады:
Брондауда мынадай ақпарат болуы тиіс:
Әдетте кепілдік берілген брондау жасалады. Брондауыңызға кепілдік беру үшін мынадай нұсқалар қарастырылған:
депозит енгізу (қонақ келгенге дейін, сізге ыңғайлы кез келген уақытта «ALTYN ECO PARK» қонақүйінің ресепшнінде бірінші тәулікке алдын ала төлем)
банк картасының деректерін ұсыну (бір тәуліктің құны мөлшерінде қаражат алдын ала бұғатталады). Ол үшін авторизациялық нысанның скан-нұсқасын, паспорт пен кредит картасының көшірмесін толтырып, бізге жіберуіңіз қажет.
қонақ келгенге дейін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (заңды тұлғалар үшін).
Төлемді қонақүйдің есеп айырысу шотына жүргізуге болады.
Қалған барлық жағдайларда брондау кепілдіксіз болып саналады. Қонақүй кепілдіксіз брондауды жоюға құқылы.
Қонақүйдің корпоративтік қонақтары үшін брондау өтінімін кепілдік хат түрінде жіберу жеткілікті.
Айыппұл санкцияларынсыз бас тарту қонақ келетін уақытқа дейін 24 сағаттан кешіктірмей мүмкін. Көрсетілген мерзімде қонақүйге келмеген немесе уақытылы бас тартпаған жағдайда әр брондалған нөмір үшін бір тәулік тұру құны мөлшерінде айыппұл төленеді.
Брондау бөлімінің менеджері брондауды өтінім алғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей, брондау формасында көрсетілген байланыс ақпараты бойынша растайды. Демалыс және ресми мерекелік күндері жіберілген өтінімдер демалыс күндерінен кейінгі алғашқы жұмыс күні өңделеді.